«Жүрек қан тамырларым бітеліп қалды»: Кенжебек Жанәбілов ауруханаға түскенін айтты

Тамыз 7, 2026 - 10:52
 0  188
«Жүрек қан тамырларым бітеліп қалды»: Кенжебек Жанәбілов ауруханаға түскенін айтты
фото: видеодан скриншот

«МузАРТ» тобының әншісі Кенжебек Жанәбілов әлеуметтік желідегі парақшасында ауруханаға түсіп, жүрегіне шұғыл ота жасалғанын хабарлады. Өнер иесі қазір жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылғанын айтты, деп жазады sadaq.kz.

Әншінің айтуынша, ол бүгін Шымкент қаласында өтуі тиіс ән кешіне баруды жоспарлаған. Алайда жүрек қан тамырларының бітелуіне байланысты дәрігерлер оған шұғыл медициналық көмек көрсеткен.

«Бүгін Шымкентке ән кешке баруым керек еді. Жүрек қан тамырларының бітеліп қалуына байланысты ұжымының көмегімен жансақтау бөлімінен палатаға ауыстым. Досым басқарған ұжымға мың алғыс! Дұғада болайық!» – деп жазды Кенжебек Жанәбілов.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 1
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 1
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0