«Зәкеңді жақсы көрген де жоқпын»: Мақпал Жүнісова күйеуге қорыққаннан шыққанын айтты
ҚР халық әртісі Мақпал Жүнісова марқұм саясаткер Заманбек Нұрқаділовтің өзіне қалай ғашық еткенін айтты, деп жазады turkystan.kz.
Өнер иесі журналист Дина Төлепбергенге сұхбат беріп, жеке өмірінен сыр шертті.
“Мен ол кісінің есігін қағып, босағасына барып “Мені алшы” деп жалынған емеспін. Тіпті ол кісіге ғашық та болмағанмын. Жақсы да көрген жоқпын. Зәкең өзі дегенін жасап, қалауын орындады. “Шешең берсе де, бермесе де аламын” деді. Қолында билігі болды. Айналасында біз қорқатын адамдар болды. Алғаш кезде біз ол кісіден қорықтық. Кейін барып, сыйластық орнады. Ал Зәкең орнынан түсіп қалғанда, мен де кетіп қалсам, халық шулайтын еді. “Бастық болғанда қатыны болып еді, биліктен кеткенде Мақпал да кетіп қалды” деп сөгетін еді. Қиын сәтте жанында қалдым. Екеуміз де әкесіз өстік. Ол да мен сияқты қайыршы болатын. Билік те қолдан кетті. Байлығы да болмады. Ол жақпен өштесетіндей жалғыз Зәкең емес екі қатын алған. 10 қатын да алып жатқандар бар. 1991 жылы шаңырақ көтердік, 1998 жылы заңды некеге тұрдық. Кейде ашуланып келгенде, “Ұрпақтарыңыз бар, барыңыз сол жаққа” деп айтамын. “Жоқ, қайтпаймын” дейтін. Мен ол кісінің жолын байлаған жоқпын”, – деді халық әртісі.
Сіздің реакцияңыз қандай?