«Қаза тапқандар бар»: Сеулде 100 жылдағы ең қалың қар жауды
Сеулде 100 жылда болмаған қалың қар жауды, деп хабарлайды Orda.kz.
БАҚ-тың хабарлауынша, кем дегенде төрт адам қайтыс болған. Кейбір аудандарда 40 сантиметрден астам қар жауды. Бұл 140-тан астам рейстің тоқтауына себеп болды.
Нақты неше адам қаза болғаны туралы ақпарат жоқ. Алдын ала мәлімет бойынша, бір адам қаза тауып, екеуі қар басқан тор құлағаннан кейін жарақат алған. Тағы бір адам автотұрақта қайтыс болды. Елорданың шығысында жол апатынан тағы екі адам мерт болды.
Канвондо провинциясындағы тас жолда 53 көліктің соқтығысуынан 11 адам жарақат алған. Сеулмен шектесетін Кенгидо провинциясында оқушылар қашықтан оқуға көшті.
Сіздің реакцияңыз қандай?