Қырғызстан премьер-министрі қызметінен кетті
Бүгін, 16 желтоқсанда Қырғызстан министрлер кабинетінің төрағасы Ақылбек Жапаров қызметінен кетті. Бұл туралы kaktus.media жазды, деп хабарлайды «Адырна».
Ол бұл қызметке 2021 жылы тағайындалған еді. Бұған дейін қаржы және экономика министрі болды. Сондай-ақ Жоғарғы кеңеске «Бир Бол» партиясы атынан депутат болып, «Құмтөр» ісіне қатысты комиссияны басқарды.
Алдын ала мәліметтер бойынша, Ақылбек Жапаров президент кеңесшісі болып тағайындалмақ.
Сіздің реакцияңыз қандай?