«Біреудің қатынымен билетіп, құшақтатып жатыр»: Уағызшы асабалардың қияметте жазасы қиын болатынын айтты (ВИДЕО)

Желтоқсан 18, 2024 - 12:46
Желтоқсан 18, 2024 - 15:19
«Біреудің қатынымен билетіп, құшақтатып жатыр»: Уағызшы асабалардың қияметте жазасы қиын болатынын айтты (ВИДЕО)
Фото: видеодан скрин

Уағызшы Жарқын Мырзатай қазіргі таңда ұятсыз билер мен ойындар ойнататын, күлдірем деп, бүлдіріп алатын асабалардың әрекетінің қияметтегі жазасының қандай болатынын жеткізді. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында айтты, деп хабарлайды sadaq.kz.

Жарқын Мырзатай асабаларды әбден сынап, өзі куә болған оқиғаны бөлісті. 

"Асабалар ренжіп қалмасын. Бірақ, асабалардың жағдайы қияметте қиын болады. Біреудің байын біреудің қатынымен билетіп, ішкізіп қояды. Қазақтың қыздарын қой сияқты аунатып қояды. Біріншіден, олардың бүкіл өмірі арзан күлкі. Содан, бір асаба қайтыс болып, жылдық асына бардық. Көпшілікке 3 минуттық видео көрсетті. Видеода асаба ішу, жеу. Әр құдашамен билеу, құдағилармен құшақтасу болып өмірі солай өткен екен. Қаншама некесіздерді билетіп, ойнатып, құшақтатып жатыр. Құдай сақтасын. Жігітті жерге жатқызып, үстіне қызды жатқызып ойнатқан. Сол жерде асабаның жағын айырып, ұйықтатып тастайтын жігіттер жоқ болғаны ма? Мен айтамын да, өлген бейшараның айыбын ашып, тыныш жатқызбадыңдар-ау деп. Қазақ айтады, сені тәрбилегендерге сөз келтірмейтіндей өмір сүр!", - деді ол. 

Желі қолданушылары уағызшының бұл ойына түрлі пікір жазды. 

«Жалаңаш шығып билегендерді мүлдем айтпай-ақ қойдым. Алла өзің ұрпағымызды саналы ет!», «Дұрыс айтасыз. Қазір асабалар осылай қызықтырамыз деп ойлайды», «Жарқын ұстаз ақиқатты нақ айтатын ұстаздардың бірі», - деді олар. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow