«Ұстаз деген ұлы тұлғаны қолжаулық қылып алған» - қоғам белсендісі

Желтоқсан 24, 2024 - 11:44
Желтоқсан 24, 2024 - 11:49
«Ұстаз деген ұлы тұлғаны қолжаулық қылып алған» - қоғам белсендісі

Танымал журналист Салтанат Әшірбай Семейде жаңажылдық шыршаны безендіру кезінде биіктен құлап зардап шеккен мұғалім оқиғасына қатысты пікір білдірді, деп жазады  Sadaq.kz ақпарат порталы.

«Семейдегі құлап реанимацияда жатқан мұғалімге обал-ақ. Бүгінгі қоғамда ұстаз деген ұлы тұлғаны қолжаулық қылып алған. Анда мында жұмсап, берекесін қашырады. Сол Семейде шыршаны құруға қатысқан мердігер кім екен? Жалпы, ол шырша тегін құрыла ма? Жоқ, жылдағыдай байқау жариялап, оны әкімдікке жақын біреудің туысы жеңіп алады. Сосын ол бөлінген қаржыны көп жегісі келіп, шырша құруға адам жалдағысы келмейді. Содан сөзі кімге өтеді? Шап десе, мұғалімге шабады. Байғұс құлаған мұғалім екі күн комада жатыпты. Бес метр биіктіктен құлау деген ағзаға ауыр зақым келтірген екен», дейді ол.

Тағы оқыңыз: Семейде мұғалім шыршаны безендіру кезінде құлаған: білім бөлімінің басшысы қызметінен қуылды

Журналист ҚР Оқу ағарту министрлігі мұғалімге материалдық көмек беруді қарастыру керек екенін айтады.

«Біздің сыбайлас жемқорлыққа былыққан қоғамды қалай тазалауға болады? Қанаған жараның аузын тырнап айтуын айтқанмен, қоғамдағы бұл дертті қалай емдейміз?

ҚР Оқу ағарту министрлігі бұл мәселені назарға алып ұстаздың денсаулығына тиген зақымды өңдіріп, материалдық көмек беруді қарастыру керек», - дейді С.Әшірбай.

Тағы оқыңыз: «Бас сүйегі сынған»: Семейде әкімдіктің шыршасын безендіріп жүріп жарақат алған мұғалімнің әйелі сұхбат берді (ВИДЕО)

Айта кету керек, бұған дейін мұғалімдерді Семей шыршасын безендіруге тарту фактісі бойынша қызметтік тексеру жүргізілгені хабарланған болатын.  

Абай облысының білім басқармасының басшысы Нұржан Ахметқалиев заңсыз жұмыстарға үш мектептен үш мұғалімнен жұмылдырылғанын анықтаған. Бұл мектептердің директорлары тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Ал Семей Білім бөлімінің басшысы қызметінен босатылды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow