«Қария болып, қазақи қартайғаны жақсы еді». Ақбота Керімбекова Нұрғали Нүсіпжановты құттықтады (ВИДЕО)

Наурыз 23, 2025 - 11:46
Наурыз 23, 2025 - 12:26
«Қария болып, қазақи қартайғаны жақсы еді». Ақбота Керімбекова Нұрғали Нүсіпжановты құттықтады (ВИДЕО)

Танымал әнші Ақбота Керімбекова сексеннің сеңгіріне шыққан ҚР Халық әртісі Нұрғали Нүсіпжановты наурыз мейрамымен құттықтап, видео жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz.

«Мерекеңіз құтты болсын! Көкеміздің сахнада жүргеніне 70 жыл! Мерейтойды бүкіл қазақ болып тойлауға баршаңызды шақырамыз. Алда керемет той. Құдай сізге қуат, күш, деніңізге саулық берсін! Қазақтың маңдайына біткен аңыз адамдар ғой – бұл кісілер», – деді Керімбекова.

Желі қолданушылары Нүсіпжановтың сырт келбетіне қатысты жарыса пікір жазды.

«Ағамыз не болып кеткен?! Құдды, бір дүкендегі маникен сияқты. Қария болып, қазақи қартайғаны жақсы еді», «Жеңгеміз жас болғандықтан, қасын бәрін жасатқан ғой», – деп жазады пікір білдірушілер.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow