Арғын Нығматулин Қазақстаннан кетіп қалған - Антикор

Наурыз 20, 2025 - 11:34
Наурыз 20, 2025 - 11:34
Арғын Нығматулин Қазақстаннан кетіп қалған - Антикор

Антикор төрағасының орынбасары Дархан Құрақбаев мәжілістің экс-спикері Нұрлан Нығматулиннің ағасы Арғын Нығматулин Қазақстанда жоқ екенін айтты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Ол тергеу басталғанға дейін Қазақстаннан кетіп қалған. Оны іздеп, елге қайтару бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр, дейді Құрақбаев сенат кулуарында. 

Қазір Арғын Нығматулинге және Қарағанды облысында хоккейді дамытуға бөлінген бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінген басқа да адамдарға қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр.

Тағы оқыңыз: Енді Ерлан Нығматулиннің үстінен қылмыстық іс қозғалды

Ал бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Нұрлан Нығматулиннің ағасы Арғын Нығматулинді іздеп жатқаны хабарланды. Бұл іс биыл 3 наурызда Астанада тіркелді. 

Ашық дереккөз мәліметінше, Арғын Нығматулин - Мәжілістің бұрынғы төрағасы Нұрлан Нығматулиннің және экс-депутат Ерлан Нығматулиннің ағасы.

Ол 1955 жылы 28 маусымда дүниеге келген. 2007 жылы сәуірден 2018 жылға дейін «Сарыарқа» хоккей клубы» ЖШС директоры қызметін атқарды. Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты болды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow