Шерзат ісіне байланысты сот қашан басталатыны белгілі болды

Наурыз 31, 2025 - 20:42
Шерзат ісіне байланысты сот қашан басталатыны белгілі болды
фото: әлеуметтік желіден

16 жастағы Шерзат Полаттың өліміне қатысты ашық сот отырысы Талдықорған қаласында өтеді, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Бұл туралы Алматы облыстық сотының баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Іс бойынша алдын ала тыңдау 2025 жылы 10 сәуір 12:00-де Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Қаблиса жырау көшесінде өтеді. Ашық сот отырысын өткізу №65 мекенжайында орналасқан Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ғимаратында тағайындалды», - дейді Алматы облыстық сотының баспасөз қызметі.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow