«Бірнеше рет сұраған»: Словения президенті Димаш Құдайбергеннің жанкүйері болып шықты (ФОТО)

Наурыз 31, 2025 - 17:32
Наурыз 31, 2025 - 17:37
«Бірнеше рет сұраған»: Словения президенті Димаш Құдайбергеннің жанкүйері болып шықты (ФОТО)
Фото: t.me/baltabayev

Қазақстанға ресми сапармен келген Словения президенті Наташа Пирц-Мусар салтанатты қабылдау рәсімінде Димаш Құдайбергеннің өнер көрсететінін естіп, қуанышын жасыра алмаған. Ол танымал әншінің фанаты болып шықты. Бұл туралы журналист Әділ Балтабаев айтты, деп хабарлайды sadaq.kz.

Журналист Әділ Балтабаев Telegram-дағы арнасында Словения президенті мен Димаш Құдайбергеннің кездесуі туралы жазды.

Балтабаевтың айтуынша, шағын құрамда өткен келіссөзде Наташа Пирц-Мусар президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа әнші Димаш Құдайбергеннің фанаты екенін айтқан.

Алайда жоғары мәртебелі мейман тосынсый күтіп тұрғанын білмеген.

"Шын мәнісінде салтанатты қабылдау рәсімінде оның кумирі өнер көрсететін еді. Бұны естіген Словения президенті қуанышын жасыра алмады, тіпті сене алмай, бірнеше рет сұрады.

Қабылдау кезінде Мусар Димаштың қолын алып, оның концертінде болғанын айтты. Димаш мұны естігенін айтып, ілтипат білдіргені үшін алғысын жеткізді", - деп жазды журналист.

Наташа Пирц-Мусар, Қасым-Жомарт Тоқаев және Димаш Құдайбрген

Наташа Пирц-Мусар, Қасым-Жомарт Тоқаев және Димаш Құдайбрген. Фото: t.me/baltabayev

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow