«Құтыла алмай қойдым»: Танымал актер отбасылы бола тұра Ақботанұрға неліктен сөз салғанын айтып берді

Шерхан Пірназар бұл жайлы Taboo бағдарламасына берген сұхбатында түсіндіріп берді, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Актердің айтуынша, ол кезде теледидардағы бағдарламалардың бірінде жүргізуші болған. Бағдарламаның рейтингін көтеру үшін Ақботанұр Сейітмағамбетке сөз салу туралы идеясын айтып, әріптесінің де, бағдарлама режиссерінің де рұқсатын алыпты.
Айтуынша, ол бағдарламадағы көрініс түрінде жасалған ұсыныс екен.
«Бағдарламаның басын, не аяғын көрген жоқ. Үш сағаттық эфирді үш сағат бойы кім көреді? Ондайды күткен жоқпын. Бәрі бастады, «Мынау Ақботаға сөз салыпты» деп. Бәрі осыны көп айтқан соң Айжан (ред. – жұбайы) қызғана бастады. Сол сөзден біразға дейін құтыла алмай қойдым», - дейді актер Шерхан Пірназар.
Сіздің реакцияңыз қандай?






