Донерден шаш шықты дегенім үшін сүйреп шығарып тастады: Ақтауда донерхана иесі келушіні соққыға жыққан (ВИДЕО)

Наурыз 31, 2025 - 16:41
Наурыз 31, 2025 - 16:43
Донерден шаш шықты дегенім үшін сүйреп шығарып тастады: Ақтауда донерхана иесі келушіні соққыға жыққан (ВИДЕО)
Фото: Pixabay.com

Ақтауда дөнерхана иесі келген клиенті хотдогтың ішінен шаш шыққанын айтқаны үшін қоқан-лоқы көрсетіп, анасымен бірігіп оны кафеден қуып жіберген. Екі баласы бар ананы жұлқылап, оны соққыға жыққан, деп хабарлайды sadaq.kz. 

Сот санкциясымен антикор қызметкерлерінің «қамқорлығында» болған деген күдікке ілінген дөнерхана иесі екі айға қамауға алынды. Оған ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 1-бөлігі (Бұзақылық) және 174-бабы (Араздықты қоздыру) бойынша айып тағылды.

Сот шешімімен күдіктінің анасына үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Ол 293-баптың 3-бөлігі (Қаруды қолдана отырып жасалған бұзақылық) бойынша айыпталуда. Тергеу мәліметінше, әйел жәбірленушіге пышақ немесе балта сияқты өткір затпен қорқытқан.

Тергеу жалғасуда, істің толық мән-жайы анықталуда.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Sadaq media | Саясат | Медиа ақпарат (@sadaqmedia)

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow