«Біз білетін Иманғали өйтпейді өлсе де»: белгілі жазушы Иманғали Тасмағамбетовке араша түсті

Сөйт деп Кремл қысар болса, біз білетін Тасмағамбетов тарс еткізіп тастап жүре берері хақ ол ОДКБ-ны.

Наурыз 31, 2025 - 10:56
Наурыз 31, 2025 - 12:09
«Біз білетін Иманғали өйтпейді өлсе де»: белгілі жазушы Иманғали Тасмағамбетовке араша түсті

Иманғалидың бүгін жанайқайын тыңдадым. Жігітті намыс, қоянды қамыс өлтіреді деген. Қалай туламасын! ОДКБ басшысы ретінде саясат үшін айтуға мәжбүр болған бірер сөзі үшін, талайдан бері оны әлеуметтік желіде талап жеп жатыр. Иманғали Украинаға қарсы ОДКБ-ны салады-мыс деп.

Жоқ ,ағайын, біз білетін Иманғали өйтпейді өлсе де. Иманғалиды білмейді екенсіз. Сөйт деп Кремл қысар болса, біз білетін Тасмағамбетов тарс еткізіп тастап жүре берері хақ ол ОДКБны. Ағайын, бізге сеніңіздер!

Біз бұл інімізді білгендіктен айтып отырмыз. Ел алдында жүрген қазақтан шыққан бірер азаматты күлге ауната бергеннен кім не ұтады? Қысқа күнде қырық құбылып жатқан заман мынау. Жаман айтпай жақсы жоқ, күтпеген жерден ел басына күн тумасына кім кепіл?! (құдай одан сақтасын!)

Сонда біз кімге қараймыз? Әрине, алдымен Қасым-Жомартқа, содан кейін Иманғалиға қараймыз. Не істейміз? деп. Сонда ел алдында жүрген осы тұлғалар сіздер мен біздер үшін, оққа да, отқа да түсері хақ. Соған сеніңіз. Ендеше, ел алдында жүрген осы азаматтарға күнде күйе жаға бергеннен кім ұтылып, кім ұтады?!

Әрине, қазақтың, Қазақстанның жаулары ұтады, достары емес..

Ойланайық, ағайын!

Жазушы Смағұл Елубайдың facebook парақшасынан

 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow