Құлсарыда заңгерді жұмыс орнында бауыздап кетті

Қан мойнынан атқылап жатты, — дейді емхана қызметкері оқиға куәгері.

Наурыз 28, 2025 - 09:33
Наурыз 28, 2025 - 10:21
Құлсарыда заңгерді жұмыс орнында бауыздап кетті
фото: alash.kz

Кұлсары қаласында бұрынғы күйеуі әйелін өлтірді, деп хабарлайды Alash.kz.

27 наурыз күні Құлсары қаласындағы емханада ауыр қылмыс болды. Ер адам бұрынғы әйеліне шабуыл жасап, оны пышақтап өлтірген. Алдын ала мәліметтерге сүйенсек, күдікті — Шоқпартоғай ауылының тұрғыны.

Қылмыс жасағаннан кейін ол қашып кетуге тырысқан, алайда Жылыой аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері оны ізін суытпай қолға түсірді. Қазіргі таңда тергеу жүргізілуде. Құқық қорғау органдары қылмыстың себептері мен барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Трагедия түстен кейін, емхананың заңгері болып жұмыс істеген әйелдің жұмыс кабинетінде болған. Кабинетте жалғыз отырған әйелге кенеттен бұрынғы күйеуі кіріп келіп, оған пышақпен шабуыл жасаған.

— Қан мойнынан атқылап жатты, — дейді емхана қызметкері оқиға куәгері.

Жедел жәрдем мен полиция оқиға орнына дереу жеткенімен, дәрігерлер әйелді аман алып қала алмады.

Ол алған жарақаттарынан көз жұмды. Марқұм Жаңа Қаратон ауылынан шыққан, артында екі баласы қалды. Қайғылы оқиғадан кейін емхана уақытша жабылып, қызметкерлердің барлығы қатты шошынған.

 — Әріптестеріміз әлі өз-өзімізге келе алмай жүрміз. Қорқынышпен жұмысқа қайта ораламыз ба, білмейміз, — дейді емхана қызметкері.

Атырау облыстық полиция департаменті оқиға бойынша пікір білдірді: “Құлсары қаласында орын алған оқиғаға байланысты кісі өлтірубабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. 33 жастағы күдікті ұсталып, қамауға алынды. Тергеу амалдары жүргізілуде. Қазіргі таңда тергеу мүддесіне байланысты қосымша ақпарат жарияланбайды.”

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow