«Үйілген қоқыс арасында ұйықтап жүрген»: Павлодар облысында 10 жасар қыз маскүнем әжесімен бірге тұрып келген

Желтоқсан 10, 2024 - 11:25
«Үйілген қоқыс арасында ұйықтап жүрген»: Павлодар облысында 10 жасар қыз маскүнем әжесімен бірге тұрып келген

 Павлодар облысында полицейлер өз үйінде қиын жағдайда өмір сүріп жатқан 10 жасар қызды тапты. Ол үйілген заттар мен қоқыстардың арасында ұйықтап жүрген. Ал көрші бөлмеде оның маскүнем әжесі бірге ішімдік ішетін достарымен тұрған.

Бұл туралы  ақпарат агенттігі КТК арнасы хабарлайды. 10 жасар қызды тексерушілер тапқан. Олар қыздың үйіне келгенде әжесі мас күйінде аяққа тұра алмаған. 

"Тезірек кетіңдер. Менің үйіме кіруге құқықтарың жоқ. Менен аулақ кетіңдер”, – деген әйел. 

Тексеруші комиссия үй жағдайын көріп таңғалған. Мектеп оқушысы үстіне нашар киініп, қоқысқа толы бөлмеде ұйықтап жүрген. Белгілі болғандай, қыздың ата-анасы жұмысқа кеткен. Балаға әжесі қараған. 

Ақырында мектеп оқушысын біраз уақытқа отбасынан алып, тәтесінің қолына беріпті. Ал қыздың өз анасына баспана табуға уақыт берілген.

“Әкімдік, прокуратура және полиция, Ақсу қалалық ювеналдық полиция қызметкерлері арасында "Оқу қауіпсіздігі" жобасын іске асыру аясында Сарышығанақ кентінде қиын жағдайда тұрған кәмелетке толмаған қызтабылды. Анықталғандай, қыз бен оның анасы әжесінің үйінде тұрып келген”, – дейді Павлодар облысы полиция департаментінің ресми өкілі Жанна Белялова.    

 Айта кетейік, бұған дейін Шымкентте жалғыз тұратын 80 жастағы әженің екі бөлмелі пәтері қоқысханаға айналғаны туралы жазған едік. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow