Ұшақ апатынан тірі қалған стюардессаның видеосы тарады

Желтоқсан 26, 2024 - 21:28
 0  159
Ұшақ апатынан тірі қалған стюардессаның видеосы тарады

Ақтауда 25 желтоқсанда апатқа ұшыраған Azerbaijan Airlines ұшағынан тірі қалған  29 адам ауруханаға жатқызылды. Солардың арасында тірі қалған бортсерік те бар, деп жазады Alash.KZ.

Жалпы ұшақта 5 экипаж мүшесі болған. Олардың үшеуі қаза тауып, екеуі аман қалған еді. Тірі қалған бортсеріктің бірі Айдан Рагимли қазір ауруханада жатыр. Әзербайжандағы БАҚ беттерінде стюардесса Айдан Рагимли ауруханада жатқан видеосы жарияланды. Айдан Рагимли 1999 жылы дүниеге келген.

Ұшақ апатынан Әзербайжанның 37 азаматының 14-і аман қалды, 23-і қаза тапты. Қырғызстанның 3 азаматының бәрі дін-аман. Ресейдің 16 азаматының жетеуі қаза тапты. Борттағы Қазақстанның 6 азаматының барлығы көз жұмды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 1
Жарайсың Жарайсың 0