10 минутта 500 доллар түскен: Иранда Трампты өлтіруге көпшіліктен қаражат жиналып жатыр

Тамыз 20, 2026 - 09:34
 0  29
10 минутта 500 доллар түскен: Иранда Трампты өлтіруге көпшіліктен қаражат жиналып жатыр
Фото: Getty Images

Иран мемлекеттік телеарнасында АҚШ президенті Дональд Трампты өлтіруге сыйақы тағайындау мақсатында көптен қаражат жинау басталғаны хабарланды. Бұл туралы sadaq.kz  Газета.ru басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

MEMRI TV сюжетінің аудармасына сүйенген басылымның мәліметінше, қаражат жинау басталғаны IRIB Quran телеарнасының эфирінде жарияланған. Жүргізуші Марьям Гасеми көрермендерге АҚШ басшысын өлтіріп беретін адамға сыйақы тағайындау үшін ақша аударуды сұрап үндеу тастады.

"Барлық ирандық күндердің бір күні Трамптың өлімі туралы хабарлайтынымыздан үмітті", - деді Гасеми.

БАҚ мәліметі бойынша, тікелей эфирдің алғашқы 10 минутында көрермендер шамамен 435 доллар (шамамен 200 мың теңге) жинаған.

Бағдарлама қонағы, ирандық кәсіпкер Алиреза Юнчи жалпы соманы 535 долларға (шамамен 250 мың теңге) дейін жеткізу үшін өз тарапынан қосымша қаражат қосуға уәде берді.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0