«100 пайыз өзгердім»: Зілтемірші Алмас Өтешов лауазымды қызметке тағайындалды

Бұл туралы Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының ресми парақшасында жарияланды.

Маусым 14, 2025 - 11:18
«100 пайыз өзгердім»: Зілтемірші Алмас Өтешов лауазымды қызметке тағайындалды
Фото: видеодан скрин

Ауыр атлетикадан ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері, 2 дүркін Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Азия ойындарының күміс жүлдегері Алмас Өтешов жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды sadaq.kz.

Бұл туралы Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының ресми парақшасында жарияланды.

«Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы Б.Артаевтың бұйрығына сәйкес, 12 маусымнан бастап Өтешов Алмас Дәулетярұлы басқармаға қарасты “Олимпиадалық резерв даярлау орталығы” КММ директорының орынбасары қызметіне тағайындалды. Алмас Дәулетярұлы - Ауыр атлетикадан ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері, ауыр атлетикадан 2 дүркін Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Азия ойындарының күміс жүлдегері, Азия чемпионы. Осы уақытқа дейін яғни бес айға жуық басқармаға қарасты “Мұз айдыны” мекемесінде әдіскер болып қызмет атқарды. Алмас Дәулетярұлын жаңа қызметімен құттықтаймыз!», - делінген басқарма хабарламасында.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow