«10жыл бұрын жасаған қателігім»: Дана Тұрарбек Жанар Айжановадан кешірім сұрады (ВИДЕО)

Ақпан 20, 2026 - 15:21
Ақпан 20, 2026 - 15:25
 0  18
«10жыл бұрын жасаған қателігім»: Дана Тұрарбек Жанар Айжановадан кешірім сұрады (ВИДЕО)
Фото: Видеодан скрин

Әлеуметтік желіде "Өнер қырандары" театрының актрисасы Дана Тұрарбек танымал әнші Жанар Айжановадан кешірім сұрады, деп хабарлайды Sadaq.kz.

"Мен, Дана "Өнер қырандары" театрының актрисасы осыдан 10жыл бұрын жасаған қателігім үшін дүйім жұрттың алдына шығып кешірім келеді. Иә, білемін ұзақ уақыт өтіп кетті. Бірақ "жақсылықтың ерте-кеші жоқ",- дейді ғой. Барлық халықтың алдында пародия жасағаным үшін Жанар Айжановадан кешірім сұраймын. Жанар апай, мен сізді қатты сыйлаймын, қатты жақсы көремін. Шыны керек, сіздің дауысыңызбен өстік. Сізге еліктеп, "мына кісінің ішіне балаша балғын, әдемі дауыс қалай сыяды" деп ойлайтынмын. Бір қарасам Республика сарайының сахнасында сізді салып тұрмын. Кешіріңіз, Жанар апай. Енді салмамаймын. Егер салып қойсам, қайтадан кешірім сұраймын", – деді актриса. 

Әзіл-қалжың аралас бұл видеоны көпшілік әзіл ретінде жақсы  қабылдаса, кейбірі актрисаның пародиясы Жанар Айжановаға мүлде ұқсамайтынын жазды. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0