«12 мың евро»: Маргарет Тэтчердің Қазақстаннан алған «Достық» ордені сатылымға шығарылды

«Достық» ордені Маргарет Тэтчерге 2001 жылы Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы қарым-қатынасты дамытуға қосқан үлесі үшін табысталған еді.

Қазан 21, 2024 - 15:48
 0  47
«12 мың евро»: Маргарет Тэтчердің Қазақстаннан алған «Достық» ордені сатылымға шығарылды

Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі Маргарет Тэтчерге Қазақстан атынан берілген «Достық» ордені аукционға шығарылды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Хабарландыру сирек және көне кітаптар мен заттарды сатуға арналған интернет-дүкендердің бірінде жарияланды. Орден шамамен 7,9 млн теңгеге бағаланып отыр.

Айта кетейік, Маргарет Тэтчерге «Достық» ордені Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы қарым-қатынасты дамытуға қосқан үлесі үшін 2001 жылы табысталған еді. Сатылымға байланысты шыққан түсініктемеде Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев экс- премьер-министрдің жанкүйері болған деген ақпарат келтірілген. 

Автор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0