14 адам ауруханаға жеткізілді: Астанада автобус аударылып қалды

Тамыз 25, 2025 - 12:06
14 адам ауруханаға жеткізілді: Астанада автобус аударылып қалды
Фото: видеодан скрин

Бүгін таңертең елордада автобус жолдан шығып кетіп, апатқа ұшырады, деп хабарлайды sadaq.kz.

Жол-көлік оқиғасы Астанадағы Қабанбай батыр даңғылында болды. Тараған видеоға қарағанда, автобус қалалық маршрутта жүрген көлікке ұқсамайды. 

"Қабанбай батыр көшесінде болған жол-көлік оқиғасы салдарынан 14 адам жедел жәрдем арқылы қалалық көпсалалы стационарларға, сондай-ақ Ұлттық шұғыл медицина үйлестіру орталығына жеткізілді. Қабылдау бөлімінде барлығы салалық мамандардың тексеруінен өтті. Осы орайда зардап шеккендердің бірқатары амбулаторлық емдеуге жіберілді, ал қалғандары қосымша тексеруден өтіп жатыр. Зардап шеккендердің басым бөлігі жеңіл түрде жараланған", — делінген қалалық денсаулық сақтау басқармасының Kazinform агенттігіне берген мәліметінде.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow