15 жастағы қазақ баласы «Барселона» клубымен келісімшартқа отырды

Сәуір 1, 2026 - 20:15
 0  14
15 жастағы қазақ баласы «Барселона» клубымен келісімшартқа отырды
Фото: Fabrizio Romano Transfer News

15 жастағы қазақстандық футболшы Кәрім Меңдіханов Испанияның атақты "Барселона" клубымен келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды Sadaq.kz. 

Жас ойыншы алдағы маусымнан бастап каталондық клубтың құрамында өнер көрсетеді. Бұған дейін оған "Барселонадан" бөлек бірнеше еуропалық клуб қызығушылық танытқан.

Айта кетейік, Кәрім Меңдіханов 2022 жылы Испанияға қоныс аударып, жергілікті академияларда шеберлігін шыңдаған. Ол "Серданьола" және "Сант-Кугат" клубтарында ойнап, көзге түсті.

Оң қапталда өнер көрсететін шабуылшы өзінің жылдамдығы, дриблинг шеберлігі және сенімді ойынымен ерекшеленеді.

Осылайша Кәрім Меңдіханов "Барселона" сапында ойнайтын алғашқы қазақстандық футболшы атанып отыр.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0