2026 жылға арналған жұлдыз-жорамал: Кімнің табысы артады, кімдерге үйленуге қолайлы
Қазақстандық астролог Сабина Сабденова жұлдыз белгілеріне 2026 жылға болжам жасады. Айтуынша, келер жыл жай ғана жаңа күнтізбелік кезең емес, өмірді бұрынғыдан да саналы әрі әдемі сүруге берілген мүмкіндік. Ол жылқы жылында жүрегіңізді тыңдап, арманыңыздың соңынан еруден қорықпауға кеңес береді. Астролог Stan.kz редакциясына берген сұхбатында үйленуге қай мезгіл қолайлы екенін айтты.
Тоқты
Жылқы жылы тоқтылар үшін амбиция мен ішкі тыныштық арасындағы тепе-теңдікті іздеу кезеңі болмақ. Жазға дейін өміріңізде кездесулер көп болады, білім аласыз. Ал жылдың екінші жартысында жайлылық пен тыныштық құруға ұмтыласыз. Бұл – тұрғын үй жағдайын жақсарту немесе көптен ойлап жүрген мақсатыңыз – қоныс аудару үшін өте қолайлы уақыт. Шаршау мен қажудың алдын алу үшін міндеттерді бөлісуді үйреніп, еш алаңдамай демалуды үйреніңіз. Астролог тоқтыларға жалғыз қалу үшін уақыт табуға кеңес береді. Себебі биыл бақыт тыныштықты жақсы көреді.
Сәтті сан: 9.
Торпақ
2026 жыл торпақтар үшін тұрақты әрі ресурсты болмақ. Бюджетті нығайту үшін еткен еңбегіңіз жылдың алғашқы жартысында жемісін береді, ал жаз мезгілі өзіңізді дамытуға қолайлы уақыт. Айналаңызға жаңа қырыңыздан көрініп, қабілеттеріңіз бен таланттарыңыз байқалып, ықпалыңыздың артуына жол ашады. Сондай-ақ жылқы жылы ескі заттардан айырылуға қорықпаңыз. Есіңізде болсын, жаңа технологияларға ашық болу – табыстың кілті. Астролог торпақтарға білімге инвестиция салуға кеңес береді. Өйткені бұл – болашақта жоғарылап, өсуіңіздің берік іргетасы.
Сәтті сан: 6.
Егіздер
Егіздер 2026 жылы көпшіліктің назарында болады. Жылдың бірінші жартысы – атақты болу мен мансапта өсуіңізге қолайлы “жұлдызды сәт”. Күзге қарай бұл жетістіктер нақты қаржылық нәтижелерге әкеледі. Алайда ұсақ-түйекке шашылып, әр істі бір бастап, аяғына жеткізбейтін әдетіңізден арылмасаңыз, бұл өзіңізге кедергі келтіреді. Бір басты мақсатты таңдап, соған ғана ұмтылыңыз. Астролог егіздерге келіссөздерде өз тартымдылығыңызды пайдалануға кеңес береді. Биыл сізге ешкім “жоқ” деп айта алмайды.
Сәтті сан: 5.
Шаян
Жылқы жылы шаяндар жаһандық жаңару жылына дайын болуы керек. Маусымға дейін барынша күш-қуат жинаңыз, ал жазда сіз үшін жетістіктер кезеңі басталады. Бұл берекелі уақыт. болмақ Өйткені үйленіп, бала сүюіңіз мүмкін немесе танымалдығыңыз артады. Өзгерістерден қорықпаңыз, олар ауқымды болып көрінсе де, барлығы сәтті болады. Астрологтар шаяндарға ең маңызды бастамаларды жылдың екінші жартысына жоспарлауды кеңес етеді.
Сәтті сан: 2.
Арыстан
2026 жыл арыстандар үшін терең даналыққа жететін жыл болады. Жыл басында армандарыңыз достардың немесе ортаңыздағы адамдардың көмегімен жүзеге асуы мүмкін. Ал жылдың екінші жартысында деміңізді басып, сәл баяулаңыз, өзіңізге көңіл бөліңіз. Бұл денсаулығыңызды тексеріп, іштей жаңғыратын уақыт. Қазір жеңістердің саны емес, олардың мәні мен маңызы маңызды. Астролог арыстандарға сабырлы болуға және ішкі түйсігіңізді тыңдауға кеңес береді. Биыл арыстандардың күші төзімінде.
Сәтті сан: 1.
Бикеш
2026 жылы бикештер кәсбіи тұрғыдан өседі. Жылдың басынан-ақ бикештерге деген сұраныс артып, жаңа қызметке көтерілуге немесе жеке кәсіп бастауға жол ашылады. Жазда бар назарыңыз жаңа таныстықтарға ауады. Ал жаңа таныстықтар бикештерге мықты тірек болмақ. Келісімшарттардың шарттарына мұқият болып, жалғыз емес, командамен жұмыс істеуге тырысқаныңыз жөн. Астролог бикештерге серіктестеріне сеніп, бірақ өз ойыңызды анық айтып отыруға кеңес береді.
Сәтті сан: 5.
Таразы
Жылқы жылы таразылар үшін көкжиегін кеңейтіп, білімге толы жыл болмақ. Жылдың бірінші жартысы саяхат пен білім алуға өте қолайлы, ал маусымнан кейін мансапта өсіп, еңбегіңіз еленуі ықтимал. Сондықтан оған да дайын болыңыз. Құқықтық немесе жеке басыңызға қатысты мәселелеріңіз сәтті шешілуі мүмкін. Басты мақсат – табандылық танытып, ұсақ қиындықтардан тайсалмау. Астрологтар таразыларға ұзақмерзімді мақсаттарға басымдық беру керек дейді. Себебі 2026 жыл – ауқымды стратегияларды іске асыруға қолайлы уақыт.
Сәтті сан: 7.
Сарышаян
2026 жыл сарышаяндар үшін ішкі трансформация мен қаржылық жаңалықтар жылы. Жылдың алғашқы жартысы күтпеген табыс немесе маңызды инсайттар әкелуі мүмкін. Маусымнан бастап оқу мен халықаралық байланыстар үшін қолайлы жеңіл кезең басталады. Эмоциялық толқулар кезінде жан-жаққа алаңдамас үшін тұрақты түрде медитация жасап, спортпен айналысыңыз. Астрологтар сарышаяндарға кемелденген көрегендігін өмірде пайдалануға кеңес береді.
Сәтті сан: 3.
Мерген
2026 жылы мергендердің әлеммен байланысы басты назарда болмақ. Жылдың бірінші жартысы маңызды серіктестік орнатуға немесе некеңізді нығайтуға қолайлы уақыт болмақ. Жазда жандүниеңізге үңілуге мүмкіндік аласыз, ол сіздің өмірге деген көзқарасыңызды өзгертуі мүмкін. Жылжымайтын мүлік рәсімдеуде мұқият болып, үлкен заттар сатып алуға асықпаңыз. Астрологтар мергендерге отбасы мен жақындарына көңіл бөлуге кеңес береді. Себебі олардың негізгі күш алатын көзі отбасы мен жақындары екенін ұмытпаңыз. Тауешкі
Жылқы жылы – тауешкілер үшін еңбек пен үйлесім тоғысатын жыл. Жылдың басында күнделікті тірлік пен денсаулыққа көбірек көңіл бөлуге тура келеді. Ал жазда жеке өміріңізде жағымды өзгерістер болып, тауешкілерді қуантады. Бұл – жаңа таныстықтар мен романтикалық оқиғаларға өте қолайлы уақыт. Қарым-қатынаста икемді болуды үйреніңіз: ымырашылдық қырсықтықтан әлдеқайда көп пайда әкеледі. Астологтар тауешкілерге күн тәртібін сақтап, денеге күтім жасауға кеңес береді. Өйткені бұл әдет кез келген жүктемені еңсеруге көмектеседі.
Сәтті сан: 8.
Суқұйғыш
2026 жыл суқұйғыштар үшін жасампаздық пен қуаныш жылы. Маусымға дейін суқұйғыштар шығармашылық қуатқа толы болады. Бұл махаббат пен “жүрек қалайтын” жобалар үшін тамаша кезең. Жылдың екінші жартысында қаржы мен тұрмыстық әдеттерде жинақы болыңыз. Қаржылық қиындықтарға тап болмау үшін бюджетті алдын ала жоспарлап, күтпеген шығындардан аулақ болыңыз. Астролог суқұйғышқа ұсақ-түйек заттарға да тәртіп орнатуға кеңес береді. Бұл үлкен жетістіктерге әкеледі.
Сәтті сан: 4.
Балықтар
2026 жыл балықтар үшін жеке даму мен жауапкершілік жылы болады. Балықтар дәл қазір болашағының іргетасын қалап жатыр. Жылдың бірінші жартысы отбасылық істер мен тіректі нығайтуға қолайлы болса, екінші жартысы шығармашылық пен жаңа бастамаларға серпін береді. Маңызды міндеттерді өз мойныңызға алудан қорықпаңыз. Олар сіздің өсуіңізге себеп болады. Астролог балықтарға өзіне барынша адал болуға кеңес береді. Бұл жыл балықтардың шынайы “мінезін” айқындайды.
Сәтті сан: 7.
Ең маңызды қадамдарды, атап айтқанда, үйлену, көшу немесе мансап бастауды – маусымнан қарашаға дейінгі уақытқа жоспарлаған жөн. Өйткені осы кезеңде планеталар сіздің бастамаларыңызды қолдайды.
Сәтті сан: 3.
“2026 жылы адамдар сыртқы қарбаластан алшақтап, өмірінің сапасына, жайлылығы мен ішкі тіреуіне көңіл бөлуі керек. Сондай-ақ келер жыл адамзатқа әр сәтті бағалауды және берік байланыстар құруды үйретеді. Жылдың бірінші жартысы дайындық пен жоспарлау уақыты болмақ. Ал маусымнан бастап сыртқы жағдайлар қолайлы болып, ең батыл мақсаттарды жүзеге асыруға мүмкіндік пайда болады. Бұл – бар күмәнді шетке ысырып, көптен бері армандап жүрген дүниені жасауға кірісу үшін таптырмас уақыт”, – дейді Сабина Сабденова.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0