Қазақстандықтардың 1,5 трлн теңге зейнетақы жинағын инфрақұрылымдық жобаларға жұмсау көзделіп отыр – ҚазТаг
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан 1,5 трлн теңге инфрақұрылымды дамыту жобаларына жұмсалмақ, деп хабарлайды sadaqmedia ҚазТаг ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып,
«Экономиканы модернизациялау жөніндегі мемлекеттік комиссияның 2023 жылғы 26 сәуірдегі шешімімен сай «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ-нан 1,5 трлн теңге көлемінде қаражат бөлу туралы шешім қолдау тапты», -деп жазады агенттік «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингінің Энергетика министрлігіне жіберген құжатына сілтеме жасай отырып.
Агенттік бұл құжаттың көшірмесі редакция қолында екенін хабарлап, осы мақаланы уәкілетті органдарға жолданған ресми сауал деп қабылдауды сұрайды.
Сіздің реакцияңыз қандай?