Жаңа жылда Алматы-Астана бағытындағы пойыздарға билет қалған жоқ – ҚТЖ

Қараша 21, 2023 - 16:10
 0  259
Жаңа жылда Алматы-Астана бағытындағы пойыздарға билет қалған жоқ – ҚТЖ
Сурет ашық дереккөзден алынды

«Қазақстан Темір Жолы» Жаңа жыл қарсаңында Алматы мен Астанаға қосымша пойыздарды іске қосады. Ал, қазір екі қалаға жүретін пойыздардың билеті түгел сатылып кеткен, деп хабарлайды sadaqmedia. 

Бүгін үкіметте брифингке қатысқан ҚТЖ басшысы Нұрлан Сауранбаев билет сатылымы 45 күн бұрын ашылған. 

«Алматы мен Астанаға жүретін пойыздардың билеті таусылды. Билет сатылымы 45 күн бұрын ашылады. Осыған байланысты Жаңа жыл мерекесінің қарсаңында біз Алматы-Астана бағыты бойынша қосымша пойыз іске қосатын болдық», - дейді ол.

Автор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 1
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0