Милана Давыдова оқыған мектепте небары 51 оқушы оқиды – әкімдік

Қараша 23, 2023 - 12:41
Милана Давыдова оқыған мектепте небары 51 оқушы оқиды – әкімдік
Сурет: Павлодар облысы әкімінің сайты

Бүгін Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов Екібастұзға барып, балаларға қарсы қылмыстардың алдын алу бойынша арнайы жиналыс өткізді, деп хабарлайды sadaqmedia. 

Айта кетейік, бұл өңірде соңғы бір апта ішінде екі қайғылы жағдай тіркелді: жетінші сынып оқушысы Милана Давыдова өз анасының қолынан қаза тапса, бірнеше күн бұрын Шідерті ауылында сегіз айлық нәресте көз жұмған.  

"Бесқауға ауылындағы жеті жасар Милана Давыдованың өлімі ешкімді бей-жай қалдырмады. Мұндай жаңалықтарды естігенде жүрегің езіледі. Миға симайтын, адамға мүлдем жат қылық. Бұл қайғылы жағдайдың алдын алуға болатын еді. Бейбіт уақытта балалар сіз бен біздің кінәмізден, ересектердің кінәсінен қаза болуда", - деді Асайын Байханов. 

Ол отбасындағы келеңсіздіктерді алғашқылардың бірі болып байқайтын мұғалімдер екенін еске салды. Байхановтың мәліметіне сүйенсек, Давыдова білім алған мектепте небары 51 оқушы мен 17 мұғалім бар.

 

«Екібастұздың кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссия төрағасының әлсіз жұмысы, учаскелік полиция қызметкері және Бесқауға ауылының әкімі тарапынан олқылықтар бар», - деген облыс әкімі бірнеше қызметкерге сөгіс жариялаған.

 

Атап айтсақ,  әлеуметтік саланың жұмысына жетекшілік ететін облыс әкімінің орынбасары – Айзада Құрмановаға, Екібастұз қаласының әкімі – Аян Бейсекинге, облыстық білім беру және әлеуметтік қорғау басқармаларының басшылары – Самал Айтқазина мен Альмира Дисюповаға сөгіс жарияланды. Сондай-ақ, облыс әкімі Қоянды ауылдық округінің әкімі Абай Хакимовтың одан әрі жұмысы туралы мәселені қарауды тапсырды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow