«Азамат Сатыбалды Қазақфильмнің ауласын арендаға беріп, қытай көліктерін жарнамалап жүр» - журналист

Бұл қылығына Қазақфильм президенті қысылмайтын сияқты.

Қаңтар 11, 2024 - 14:56
Қаңтар 16, 2024 - 17:03
«Азамат Сатыбалды Қазақфильмнің ауласын арендаға беріп, қытай көліктерін жарнамалап жүр» - журналист
Brod.kz

Белгілі журналист әрі қоғам белсендісі Диас Нұрақын «Қазақфильм» киностудиясына қатысты өзекті мәселе көтеріп, қоғам назарын аударды, деп хабарлайды sadaqmedia.kz

Журналистің айтуынша, аталмыш мекеме басшысы Азамат Сатыбалды Қазақфильмнің ауласын арендаға беріп, қытай көліктерін жарнамалаудан қолы босамайтын көрінеді.

«Қазақфильм» киностудиясы автосалонға айналыпты. Азамат Сатыбалды өзі басқаратын мекеменің ауласын арендаға беріп, қытай көліктерін қаз-қатар тізіп қойған. Тіпті актер өз инстаграмында Қорғастың ар жағынан келген көліктерді жарнамалап жүр деседі.

Бірақ бұл қылығына Қазақфильм президенті қысылмайтын сияқты. Басшы ретінде киностудияның 170 жұмысшысына жалақы тауып беру үшін, жерді жалға берсем де өзімді сатсам да өзім білем депті. Өте ұят әңгіме», деп жазған ол өзінің  facebook парақшасында.  

Ол сондай-ақ қатардағы қарапайым әртістердің қыруар қаржы тауып жүргенде, «Қазақфильм» секілді үлкен алпауыттың кәсіпкерлерге қарап қол жайып отыруының ұят тірлік екенін айтқан.

«Білдей «Қазақфильм» қызметкерлеріне қытай компанияларынан ақша алып беру миға кірмейді. Себебі, Жахан Отарғалиев, Дариға Бодықова дегендер қолында дымы жоқ болса да үйін залогқа қойып, көлігін сатып кино түсіріп, миллиардтап касса жинап жатыр. Ал, мың түрлі павильоны, штатта сценаристі, режиссері бар, техниканың түр-түрі бар білдей киностудияның қаржы жоқ деп қол қусырып отыруы қисынсыз. Мынадай ресурспен мықты кинолар түсіріп, прокатқа шығарып шылқып отыруға болады. Киностудия аумағын жалға бергенде, коммерциялық фильм түсіруге де рұқсат бар шығар? Сол мүмкіндікті неге пайдаланбайды екен? 

Ешкім көрмейтін, фестиваль үшін ғана қыртымбай кино түсіріп, мемлекеттің миллиондарын игергенге мәз болып отыру модадан кетті. Шәкен Аймановтың ізі қалған, талай таланттар тарпаң басқан киностудия аумағын автосалонға айналдыру ақымақтық. Ищо қанша ақшаға жалға беріп отырғанын да жасырып қалыпты. Демек келісім-шартта бір кілтипан бар. Соны тексеру керек», деп атап өткен жазба авторы.  

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow