«4 жасар бала жанып кеткен»: Балқаш маңында автобус өртенгені туралы хабар тарады (ВИДЕО)

Маусым 19, 2026 - 17:10
 0  27
«4 жасар бала жанып кеткен»: Балқаш маңында автобус өртенгені туралы хабар тарады (ВИДЕО)
Коллаж: sadaq.kz

Желіде Балқаш маңында жолаушылар автобусы өртенгені туралы ақпар тарады, деп хабарлайды Sadaq.kz сайты. 

Куәгерлердің айтуынша, оқиға 18 маусым күні, Балқаш қаласынан 60 км жерде болған. 

"Балқаштың аумағында болып отыр. 4 жасар бала ішінде қалып кетіп, қайтыс болған. 5 адам әртүрлі дәрежедегі күйікпен дәрігердің көмегіне жүгінді. Қазір Қарағандыда барлық автобусты айыппұл тұрағына қойып тексеріс жүргізіп жатыр. Автобустың қаңқасы жолда қалды", - дейді куәгер. 

Бейресми деректерге сүйенсек, автобус ішінде 32 жолаушы болған. Апасы немерелерін Шымкент қаласына апара жатқан. Тағы бір жолаушының сөзінше, автобус жүріп келе жатқанда-ақ өрт басталған. 

Аталған жайтқа қатысты құзырлы органдар ресми жауап берген жоқ. Sadaq.kz редакциясы мәселені өз бақылауында ұстайды. 

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0