Атырауда аудандық сотының судьясы пара алып жатқан кезінде ұсталды

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Қаңтар 17, 2024 - 13:54
Қаңтар 17, 2024 - 13:54
 0  121
Атырауда аудандық сотының судьясы пара алып жатқан кезінде ұсталды
ашық дерек көзі

Судья 2,5 миллион теңге алып жатқан жерінде парамен ұсталды, деп хабарлайды sadaqmedia.kz.

“2024 жылдың 15 қаңтарында облыс бойынша Ұлттық қауіпсіздік департаментінің қызметкерлері Сот әкімшілігінің ішкі қауіпсіздік басқармасымен бірлесіп, судьяны 2,5 миллион теңге алып жатқан жерінде парамен ұстады, күдіктіге ешқандай процессуалдық мәжбүрлеу қолданылмаған. Қазіргі уақытта екі ведомствоның бірлескен іс-қимылдары арқылы сотқа дейінгі тергеу жалғасуда”, - делінген Жоғарғы соттың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 1
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0