Мемлекет басшысының Италияға ресми сапарында қандай құжаттарға қол қойылғаны белгілі болды

Мемлекет басшысының Италияға ресми сапары Президент Серджо Маттарелламен кездесуден басталды.

Қаңтар 19, 2024 - 09:43
Қаңтар 19, 2024 - 09:44
Мемлекет басшысының Италияға ресми сапарында қандай құжаттарға қол қойылғаны белгілі болды
Ақорданың баспасөз қызметі

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Италия Министрлер кеңесінің төрағасы Джорджа Мелонидің арасында өткен келіссөзден кейін бірқатар құжатқа қол қойылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен мәлім етті.

Қол қойылған құжаттар тізімі:

  1. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Италия Республикасының Үкіметі арасындағы Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде қаза тапқан әскери қызметшілер жерленген орындардың мәртебесіне қатысты келісім;
  2. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі мен Италия Республикасының Әділет министрлігі арасындағы өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандум;
  3. Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Италия Республикасының Мәдениет министрлігі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
  4. Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Италия Республикасының Университеттер және зерттеулер министрлігі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
  5. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы мен Италия Республикасының Ұлттық мемлекеттік басқару мектебі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
  6. Қазақстанның «Самұрық-Қазына» қоры мен Италияның «Cassa Depositi i Prestiti» компаниялар тобы арасында бірлескен инвестициялық қор құру және өңдеу өнеркәсібі, энергетика, логистика салаларына инвестиция салу туралы келісім;
  7. Қазақстанның «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы мен Италияның «ENI» компаниясы арасындағы жалпы қуаты 247 MBт болатын гибридті электр станциясын (жел электр станциясы, күн электр станциясы) салу жөніндегі бірлескен жобаны жүзеге асыру туралы бірлескен түпкілікті инвестициялық шешім.
    Қасым-Жомарт Тоқаевтың сапары: Қазақстан мен Италия қандай құжаттарға қол қойды

    Еске салайық, Қ.Тоқаев 18 қаңтар күні ресми сапармен Италияға барған болатын. 

    Мемлекет басшысының Италияға ресми сапары Президент Серджо Маттарелламен кездесуден басталды.

    Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдік инвесторлар үшін ел экономикасының анағұрлым тартымды және перспективті салалары, оның ішінде «жасыл» энергетика туралы егжей-тегжейлі мәлімет берді.

    Кейін ҚР Президенті «Киджи» сарайында Италияның Министрлер Кеңесінің Төрағасы Джорджа Мелонимен келіссөз жүргізді.

    Айта кетейік, 19 қаңтарда Қасым-Жомарт Тоқаев Ватикан мемлекетіне ресми сапармен барып, Рим Папасы Францискпен кездесу өткізеді. Осы орайда Кazinform екі ел арасындағы ынтымақтастықтың негізгі сәттеріне шолу ұсынған болатын. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow