«50 жылға тыйым салынды»: Нұрлан Сабуров Ресейден қуылып, Алматыға оралды
Әлеуметтік желілерде танымал стендап-комик Нұрлан Сабуров Ресей шекарасынан өткізілмегені белсенді талқыланып жатыр, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Әуежайда комик кері қайтуға ақшасы жоқ екенін айтқан. Кейін Дубайға тегін депортацияланудан бас тартып, өз есебінен Алматыға билет сатып алған.
Сабуров 6 ақпан күні Біріккен Араб Әмірліктерінен (Дубай) Мәскеудегі Внуково әуежайына ұшып келген. Алайда, шекаралық бақылаудан өтер кезде оған елге кіруге ресми түрде тыйым салынғаны анықталды. РИА Новости агенттігінде Сабуровқа Ресейге кіруге 50 жылға тыйым салынғаны айтылуда.
Алдын ала мәлімет бойынша, бұл Ресейдің "ұлттық қауіпсіздік мүддесіне" байланысты қабылданған. Желіде Сабуровтың бұған дейін Украинадағы соғысқа қатысты ұстанымы немесе Ресейдегі концерттерінің өтпей қалуы себеп болуы мүмкін деген болжамдар бар.
Желідегі ақпаратқа сәйкес, Нұрланның Ресейде 160 миллион рубльге бағаланатын мүлкі мен «Sabr Production» компаниясы бар, ал әйелінің атына сусын мен табак сату бойынша компания жазылған.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0