8 жасар қыз ауыр халде: Өскеменде жер үйде жарылыс болды
Өскеменнің 28-шағын ауданында таңертең жеке үйде пеш жарылып, бүлдіршін ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды sadaq.kz.
Куәгерлердің айтуынша, апат жиі өшетін электр жарығынан кейін орын алған. Тұрғындар соңғы апталарда токтың тұрақсыздығы үй жылытатын қондырғыларға қауіп төндіріп отырғанын айтып дабыл қағып жүр. Оқиға орнына жедел жәрдем мен төтенше жағдай қызметі келді. Халық жағдайды бақылауға алуын талап етіп отыр. Ал әкімдік бұл мәселені жүйелі түрде шеше алмай жүргенін тұрғындар ашық сынауда.
Оқиға орнына Өскемен қаласының әкімі Алмат Ақышов барды. Оның айтуынша, жарылыстың себебі – электр желілеріндегі ақаудан туындаған қазандықтың қызып кетуі.
«Бұл шағын ауданда электр желілеріндегі ақауды толықтай он күн ішінде жоюды тапсырдым. Оқиға кезінде үйде болған тұрғындар медициналық тексеруден өтіп жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, өміріне қауіп жоқ. Жағдай менің бақылауымда», – деді әкім.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0