«9 ай үнсіздік»: Блогер Жанабыловтар сот үкімінен кейін алғаш рет желіде бой көрсетті(ВИДЕО)

Мамыр 26, 2026 - 10:45
app_badging Мамыр 26, 2026 - 10:59
chat_bubble  0 visibility  3
«9 ай үнсіздік»: Блогер Жанабыловтар сот үкімінен кейін алғаш рет желіде бой көрсетті(ВИДЕО)
Коллаж: Sadaq.kz

Танымал блогерлер Ерболат Жанәбілов пен Эльмира Төлегенова ұзақ үзілістен кейін бейнежазба жариялап, әлеуметтік желіге қайта оралды, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Жұп сот үкімінен кейін алғаш рет оқырмандарына үн қатып, отбасылық видео жариялады. Блогер жазбасында оларға соңғы айлардың  ауыр өткенін айтты.

«9 ай үнсіздік. 4 ай әлеуметтік желіден тыс өмір. Осы уақыт ішінде соттар, уайым мен отбасымызбен бірге өткерген қиын кезеңдер болды. Бірақ бүгін біз қайта оралып отырмыз», – деп жазылған.

Сондай-ақ блогерлер қиын сәтте қолдау білдірген оқырмандарына ризашылығын білдірді. 

«Жаңа күшпен, жаңа көзқараспен және бізге сенім білдірген жандарға үлкен алғыспен оралып отырмыз. Қолдауларыңыз бізге шынымен күш берді», – деп жазды жұп.

Желіге салынған видео 313 мыңнан астап лүпіл, 15 мыңға жуық пікір жинаған. Көпшілік блогерлердің қайта оралғанына қуанып, жылы лебіздерін арнады.

"Қиын күндер артта қалды", "Барлығы жақсы болады", "Өте қатты қуаныштымыз", "Ендігі сәттерің жақсылыққа толы болсын", "Оралуларыңызбен", – деп жазды оқырмандар.

Еске салайық, блогерлер алаяқтық бабы бойынша істі болып, сәуір айының соңында Астана соты оларға қатысты үкім шығарған болатын.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0