ШЫҰ саммитінен 150 шетелдік БАҚ-тың 700 өкілі ақпарат таратып жатыр

Шілде 4, 2024 - 16:28
Шілде 4, 2024 - 16:30
ШЫҰ саммитінен 150 шетелдік БАҚ-тың 700 өкілі ақпарат таратып жатыр

Бұл туралы Қазақстан Президентінің кеңесшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы Берік Уәли айтты.

Бүгін Астанада өтіп жатқан Шанхай ынтымақтастық ұйымының 24-ші саммитінен 33 мемлекеттен келген 150 шетелдік БАҚ-тың 700 өкілі ақпарат таратып жатыр. 

Олардың арасында: Үндістан, Иран, Қытай, Қырғызстан, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Беларусь, Моңғолия, Әзербайжан, Қатар, БАӘ, Түркия, Түрікменстан, Ұлыбритания, Жапония, Италия, Германия, Франция, Сербия, АҚШ, Малайзия, Испания, Норвегия, Чехия, Оңтүстік Корея, Йемен, Мысыр, Иордании, Ливан, Канада және Сингапур елдерінің журналистері бар. 

Әріптестеріміздің ыңғайлы жұмыс істеуі үшін 3 баспасөз орталығы Тәуелсіздік сарайында, Бейбітшілік және келісім сарайында және Ұлттық музейде жасақталған. 

Бүгінгі маңызды халықаралық іс-шараға 200-ге жуық отандық журналист тіркелді. Атап айтқанда, 13 телеарнадан, 28 интернет ресурстан, 6 басылымнан келген әріптестеріміз саммиттен ақпарат таратып отыр.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow