Ақмола облысында 12 жастағы бала әкесін пышақтап өлтірді

Желтоқсан 27, 2024 - 16:28
 0  167
Ақмола облысында 12 жастағы бала әкесін пышақтап өлтірді
Ақмола облысы Бұланды ауданында тағы да жантүршігерлік қайғылы оқиға болды. Жасөспірім бала өз әкесін пышақтап өлтірген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
 
Суыт оқиға бүгін түнгі сағат 15:00 шамасында болған. Бұланды аудандық полиция бөлімінің кезекші бөлімшесіне жедел жәрдем фельдшері пышақталған адамның мүрдесі табылғаны жөнінде хабарлаған.
Жедел іздестіру шараларын бастаған тәртіп сақшылары Макинск қаласындағы үйлердің бірінде 47 жастағы ер адам мен оның 12 жастағы ұлының арасында кикілжің болып әкесі баласын ұрып, оның артынан ұлы пышақтап тастағанын анықтады. Алған ауыр жарақаттан ер адам оқиға орнында көз жұмған.
 
"Қаза болған ер адам жол ұйымында жүргізуші болып жұмыс істегені анықталды. Адам өліміне күдікті бала қала мектептерінің бірінде оқиды. Оқиға орнына барлық жедел қызмет өкілдері жетті. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Адам өлімі дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деді Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері. 
 
Ер адам мен 12 жастағы ұлдың арасындағы дау әкесіне пышақ салумен аяқталғаны белгілі болды. Тергеу шеңберінде оқиғаның себептері анықталып жатыр. Қазір қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Автор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 1
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0