Абай облысында төрт адам опат болды

Қазан 4, 2025 - 12:18
Абай облысында төрт адам опат болды
Фото: Абай облыстық ПД

Омбы–Майқапшағай трассасында бірнеше адам көз жұмған жол апаты болды, деп хабарлайды sadaq.kz.

3 қазан күні Омбы–Майқапшағай трассасында бірнеше жол-көлік оқиғасы тіркелді. 

Қайғылы жағдайлардың себебі – жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу: қарсы жолаққа шығу және тұтас сызықпен белгіленген жерде бұрылу.

Апат салдарынан төрт адам қаза тапты.

Абай облысының Полиция департаменті барлық жүргізушіге рульге отырған әр сәтте аса мұқият болуды ескертеді. 

Айта кетелік жыл басынан бері 15 мыңнан астам жол апаты болған. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow