Адам шығыны бар: Қарағандыда жойқын жарылыс болды
Жарылыс салдарынан екі адам қаза тауып, тағы он бір адам аудандық ауруханаға жеткізілді.
Қарағандыда жойқын жарылыс болды. Жарылыс салдарынан екі адам қаза тауып, тағы он бір адам аудандық ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды sadaq.kz.
Қайғылы оқиға Мойынты станциясында болған. Аалапат жарылыстан кейін өрт шығып, жалпы аумағы 300 шаршы метр аумақты шарпыған.
ТЖМ мәліметінше, алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері келген сәтте өрт ғимараттың бүкіл аумағына жайылып кеткен. Сондай-ақ шамамен 200 шаршы метр аумақта шатыр мен ара қабырғалар құлаған.
Құтқарушылар үйінділерді көтеріп, зақымданған құрылымдарды тексеріп, өрттің қайта тұтануына жол бермеу үшін қажетті шаралар қабылдап жатыр.
Оқиға салдарынан екі адам қаза тауып, тағы он бір адам аудандық ауруханаға жеткізілді. Өрттің алдын ала себебі, тұрмыстық газ баллондары мен газ жабдықтарын қауіпсіз пайдалану талаптарының бұзылуы", - делінген хабарламада.
Куәгерлердің айтуынша, өрт сөндірушілер Мойынтыға бірден жете алмаған. Тұрғындардың сөзінше, елді мекеннің өзінде өрт сөндіру депосы жоқ, ал ең жақын өрт сөндіру бөлімі шамамен 150 шақырым қашықтықта орналасқан.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0