Адам шығыны бар: Оралда жатақханадан өрт шықты
Батыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, алдын ала деректер бойынша өрт төсекте шылым шеккеннен шыққан.
"15 наурызда Хамид Чурин көшесіндегі жатақханада өрт болды. 40 адам, оның ішінде бес бала, өз бетінше эвакуацияланды. Өртті сөндіру кезінде 57 жастағы ер адам тұншықтырғыш газдан уланғаны белгілі болды", – деді Батыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаментінің орынбасары Елдос Батталов.
Өртті сөндіру үшін 18 құтқарушы және жеті техника бірлігі жұмылдырылған.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0