Ағайынды Сабырхандар ең үздік 10 боксшының қатарына енді

Ақпан 9, 2026 - 12:40
 0  44
Ағайынды Сабырхандар ең үздік 10 боксшының қатарына енді
Фото: sabyrkhantorekhan

Испанияның Ла-Нусия қаласында өткен Boxam Elite-2026 халықаралық турнирінің ең үздік 10 боксшысының тізіміне қазақстандық ағайынды боксшылар Төрехан Сабырхан  мен Махмұд Сабырхан кірді, деп хабарлайды Sadaq.kz. 

Британдық бокс сарапшысы Мэтт Робинсонның айтуынша, бұл рейтинг алтын жүлде иегерлерінің тізімі емес, турнир барысында ең көп әсер қалдырған, күтпеген жеңістерге жеткен боксшылардың жетістігі деді. 

"Бірінші орын үшін Төрехан мен Аль-Альмади арасында тартыс өте жоғары деңгейде өтті. Екеуі де турнир бойы керемет өнер көрсетті. Дегенмен финалдағы айрықша жекпе-жегіне байланысты мен Төреханға басымдық бердім. Ал Аль-Альмадидің Сачинге қарсы финалы шешуші күннің ең жарқын айқастарының бірі болды", – деп жазды Робинсон Instagram парақшасында.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 1
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0