«Ағылшынша сөйлесем, орысша кітап оқимын»: Ерке Есмахан көпшіліктің сұрағына жауап берді (ФОТО)
Танымал әнші Ерке Есмахан желідегі парақшасында оқырмандарының бірі қойған сұраққа жауап беріп, неге әлеуметтік желіде көбіне қазақ тілінде сөйлейтінін түсіндірді, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Өнер иесіне оқырмандарыны бірі: «Басқа блогерлер сияқты неге орысша сөйлемейсіз сториске, бірақ нағыз вип казашкасыз ғой» – деп сауал жолдаған.
Әнші бұл пікірге ашық жауап беріп, қазақ тіліне деген көзқарасын білдірді.
«Мен блогер емеспін, әншімін.
Мен қазақтың қызы болған соң, қазақша жазып, сөйлеймін. Мені әр түрлі ұлт өкілдері оқиды, қарайды. Осы тұста қазақ тілінің мәртебесін өзіміз көтерген жөн емес пе? Шетелдіктердің парақшасын қараймыз, олар өз тілінде сөйлейді, оларды түсінеміз ғой мысалға.
Парақшам тек қазақша болса, мен басқа тілде сөйлей алмаймын деген сөз емес. Шетелге жиі шығамыз, керек жерінде басқа тілде де сөйлейміз.
Айтпақшы, бала күтушілеріммен ағылшынша сөйлесем. Орысша кітап оқимын.
Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!»,– деді Ерке Есмахан.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0