Ақмола облысында қатты желден жүк көлігі аударылып қалды

Сәуір 29, 2025 - 17:33
Ақмола облысында қатты желден жүк көлігі аударылып қалды
Фото: видеодан скрин

Бүгін, 29 сәуір күні Ақмола облысында қатты жел жүк таситын ГАЗель көлігін ұшырып жіберген, деп хабарлайды sadaq.kz сайты Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап. 

Суреттен байқап отырғанымыздай, жүк көлігінің тіркемесі аударылып кеткен.

Осыған байланысты «ҚазАвтоЖол» компаниясы бізге берген комментарийінде жүргізушілерге ескерту жасады.

«Қатты жел кезінде жоғары жылдамдықпен жүрмеу керек. Егер көлік жеңіл болса, ауа райының жақсарғанын күткен дұрыс. Көмек қажет болса, «ҚазАвтоЖолдың» 1403 байланыс орталығына хабарласып, жәрдем сұрай алады. Жол қызметінің мамандары республикалық жолдардың бойында түрлі жағдайларға тап болған жүргізушілерге көмектеседі», - дейді компанияның баспасөз қызметі.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow