Ақмола облысында найзағай соғып, бір бала қаза тапты, екіншісі жарақат алды

Тамыз 21, 2025 - 09:37
Ақмола облысында найзағай соғып, бір бала қаза тапты, екіншісі жарақат алды
Фото: Pixabay

Ақмола облысында екі балаға найзағай түсіп, салдарынан бір бала қаза тауып, екіншісі дене жарақатын алды, деп хабарлайды Kazinform.

Қайғылы оқиға 2025 жылғы 20 тамызда Ақмола облысының Біржан сал ауданына қарасты Үлгі ауылында болған.

Бұл туралы Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ведомствоның мәліметінше, 10 жастағы бала көз жұмып, 15 жастағы жасөспірім жарақат алған.

Оқиға орнына шұғыл қызметтер дереу жеткен. Аталған факті бойынша Біржан сал аудандық полиция бөлімі Қылмыстық кодекстің тиісті бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған.

Қазіргі таңда полиция оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow