Ақмола облысында пойыз 13 бас қойды қағып кетті
Ақмола облысында пойыз 13 бас малды қағып кетті, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Оқиға 13 қыркүйекте Ақмола облысындағы Макинка – Елтай аралығында болған.
"Петропавл - Алматы" бағытындағы жолаушылар пойызының машинисі теміржол жолында ұсақ малдың жүргенін байқап, шұғыл тежеуге мәжбүр болған. Қабылданған шараларға қарамастан, пойыз 13 бас малды қағып кеткен. Соның салдарынан пойыз қозғалысы 9 минутқа тоқтатылды.
"Көлік полицейлері жануарлардың иесі – Ақмола облысының 63 жастағы тұрғынын анықтады. Теміржолдың бөлінген жолағында мал жаю қағидаларын бұзғаны үшін азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - деді полиция полковнигі.
Көлік полициясы теміржол маңында малды қараусыз жаю пойыздардың қозғалысы мен жолаушылардың қауіпсіздігіне елеулі қауіп төндіретінін ескертті.
Ведомство азаматтарды малды теміржолға жақын аумақта қараусыз қалдырмауға шақырды.