Ақмола облысында жүк көлігі төрт жасар қызды басып кетті

Қыркүйек 16, 2026 - 13:51
 0  12
Ақмола облысында жүк көлігі төрт жасар қызды басып кетті
Фото: Ашық дереккөз

Ақмола облысының Целиноград ауданына қарасты Нұресіл ауылында жол-көлік оқиғасы салдарынан кішкентай бала көз жұмды, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты 15 қыркүйекте болған. «Газель» автокөлігінің жүргізушісі баланы қағып кеткен. Алған жарақаттарынан төрт жасар қыз бала оқиға орнында көз жұмды.

Желіде тараған ақпарат бойынша, бала әкесінің жанында тұрған. Сол сәтте олардың жанынан «Газель» көлігі өтіп бара жатқан.

Қазір көлік жүргізушісі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған жол-көлік оқиғасы бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0