Ақмола облысындағы жеке тұрғын үйден шыққан өрттен екі адам мерт болды

Қыркүйек 29, 2026 - 09:17
 0  17
Ақмола облысындағы жеке тұрғын үйден шыққан өрттен екі адам мерт болды
Фото: Pixabay

Щучинск қаласындағы жеке тұрғын үйден шыққан өртті сөндіру барысында ер мен әйелдің денесі табылды – полиция бұл деректі тіркеді, деп хабарлайды sadaq.kz.

Өңірлік ТЖД-ның мәліметінше, өрт 90 шаршы метр аумақты шарпыған. Өртті сөндіру барысында құтқарушылар үйден 1968 жылы туған ер мен әйелдің денесін алып шыққан. Өрттің себебі анықталып жатыр.

Өртті өндіруге өңірлік ТЖД-ның 16 қызметкері мен 4 техникасы жұмылдырылған. Облыстық полиция департаментінің өкілдері де қайғылы оқиғаға қатысты пікір білдірген.

Бұл дерек Бурабай аудандық полиция бөлімінде тіркелген. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0