Ақмолада мас әйел сәбиін емізіп отырып өлтіріп алған

Қыркүйек 30, 2026 - 11:09
chat_bubble  0 visibility  6
Ақмолада мас әйел сәбиін емізіп отырып өлтіріп алған
Фото: Pixabay

Ақмола облысында абайсызда сәбиінің өліміне себеп болған әйел сотталды. Бұл туралы Sadaq.kz сайты Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Ақмола облыстық сотының мәліметінше, айыпталушы әйел қонақта ішімдік ішіп, үйіне мас күйде келген. Әйел түнде баласын емізіп отырып ұйықтап кеткен.

Оянған кезде әйел баласында тіршілік белгілері жоқ екенін байқаған. Шақырту бойынша келген жедел жәрдем қызметкерлері баланың тұншығудан көз жұмғанын анықтады.

Прокурор айыпталушыға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындауды сұрады.

Жаза тағайындау кезінде сот айыпталушының шын жүректен өкінуді жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде, ал қылмысты мас күйде жасауын жазаны ауырлататын мән-жай ретінде ескерді.

Сот үкімімен әйелге 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, пробациялық бақылау белгіленді.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0