АҚШ пен Еуропада тыйым салынған: Қазақстанда қауіпті таблеткалар еркін сатылып жатыр

Арықтатуға арналған дәріні ішкендер ауруханаға түскен

Қазан 9, 2025 - 11:25
АҚШ пен Еуропада тыйым салынған: Қазақстанда қауіпті таблеткалар еркін сатылып жатыр
Фото: istockphoto.com

Бірнеше елде тыйым салынған салмақ тастауға көмектесетін қауіпті дәрі Қазақстанда таралып жатыр. Бұл туралы ВВС зерттеуінде айтылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

2025 жылдың басында TikTok желісінде «Молекула» деп аталатын арықтататын таблеткалар кең тарады. Әсіресе жасөспірім қыздар мен әйелдер бұл препараттың тез арықтататынын айтып, бейнежазбалар түсірген. Алайда кейін капсулалардың құрамынан күшті әсер ететін сибутрамин табылып, Ресейде бірнеше оқушы уланып, ауруханаға түсті. Осыдан кейін «Молекуланы» маркетплейстерден алып тастағанмен, ол басқа атаумен қайта сатыла бастаған.

BBC таратқан зерттеуде бұл таблеткалардың жаңа түрлері мен «көлеңкелі» сауда жолдары көрсетілген. «Молекула» мен оның «Атом», «Мета» деген аналогтары әлі де еркін саудаланып жатқаны, ал Қазақстан мен Қырғызстаннан келген өнімдер ресейлік нарыққа түсіп жатқаны айтылған.

Блогерлер мен сатушылардың айтуынша, қазіргі «Молекула» капсулаларының бір бөлігі Қазақстанда кофеин негізінде өндіріледі. Кейбір сатушылар препараттың сибутрамин қосылған нұсқасын да ұсынатынын жасырмайды. BBC дерегінше, Ресейдің кеден органдары соңғы уақытта сибутрамин бар дәрілердің көп бөлігі Қазақстаннан жеткізілгенін анықтаған.

Ресми түрде препараттың құрамында сибутрамин көрсетілмеген, бірақ зертханалық сараптамалар оның бар екенін дәлелдеп отыр. Сарапшылар мұндай биологиялық қоспалардың еркін сатылуы қауіпті деп санайды, себебі оның құрамын бақылауға алу мүмкін емес.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow