АҚШ-та ер адамның мәйіті табылды: ол жоғалған қазақстандық болуы мүмкін

Маусым 15, 2026 - 17:44
chat_bubble  0 visibility  1
АҚШ-та ер адамның мәйіті табылды: ол жоғалған қазақстандық болуы мүмкін
фото: әлеуметтік желіден

АҚШ-та ер адамның мәйіті табылды, ол бұған дейін жоғалған Қазақстан азаматы болуы мүмкін. Бұл туралы сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ерлан Жетібаев мәлімдеді, деп хабарлайды sadaq.kz.

"Біз осы брифингтің алдында АҚШ-тың құзіретті органдарынан Қазақстан азаматы болуы мүмкін адамның мәйіті табылғаны туралы ақпарат алды. Қазіргі кезде америкалық тарап қажетті рәсімдерді жүргізуде. Қазақстандық дипломаттар АҚШ-тың құзіретті органдарымен және азаматтың туыстарымен тұрақты байланыс болып, қажетті консулдық көмек көрсетіп жатыр",-деді Жетібаев бүгінгі брифингте.

24 жастағы Әсет Құралбай соңғы рет 2 маусымда байланысқа шыққан. Ал 7 маусымнан бастап телефоны сөндіп тұр. Құжаттары мен банк карталары үйде қалған. Бүгін Қазақстанның сыртқы істер министрлігінде Чикагода ер адамның мәйіті табылғаны туралы хабар түсті.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0