Ақтау мен Жаңаөзен қаласының әкімі ауысты

Қыркүйек 26, 2026 - 13:10
chat_bubble  0 visibility  0
Ақтау мен Жаңаөзен қаласының әкімі ауысты
Фото: okg.kz

Ақтау мен Жаңаөзен қаласының әкімі тағайындалды, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Ақтау қаласының әкімі болып Мақсат Мұқаш келді. 

Ол 2025 жылғы желтоқсанынан бастап осы уақытқа дейін Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

Сондай-ақ әртүрлі жылдары Жаңаөзен қаласындағы спорт мектебінің басшысы, Жаңаөзен қалалық мәслихат депутаты, Маңғыстау облысы әкімінің көмекшісі болған.

Жаңаөзен қаласының әкімі болып Cымбат Төретаев сайланды. Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Сымбат Қуанышұлы Төретаев 1978 жылғы 27 қаңтарда Маңғыстау облысы Ералиев ауданының Жетібай ауылында дүниеге келген.

Еңбек жолын 2000 жылы Маңғыстау облыстық ішкі істер басқармасының ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасында жедел уәкіл қызметінен бастаған. Кейін аға жедел уәкіл, аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкіл лауазымдарында жұмыс істеді.

2006-2010 жылдары «Нұр» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры қызметін атқарды.

2010-2014 жылдары Қарақия ауданы Мұнайшы ауылының әкімі болды.

2015-2017 жылдары Маңғыстау облысы әкімі аппаратының құқық қорғау органдарымен жұмыс, терроризмге қарсы іс-қимыл, жұмылдыру дайындығы және азаматтық қорғаныс бөлімінің басшысы қызметін атқарды.

2017-2019 жылдары Маңғыстау облысы әкімі аппаратының терроризмге қарсы іс-қимыл бөлімінің басшысы болды.

2019-2023 жылдары Қарақия ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

2023 жылғы мамырдан бастап осы уақытқа дейін Қарақия ауданының әкімі қызметін атқарып келді.

Бұған дейін ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша, облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың өкімімен Ербол Ізбергенов Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалғанын жаздық.

Ал Бекбол Орынбасаров Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0