Ақтөбе облысында 10 жастағы қыз тірідей жанып кетті

Тамыз 28, 2024 - 09:13
 0  338
Ақтөбе облысында 10 жастағы қыз тірідей жанып кетті
Фото: Pixabay.com
27 тамызда Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Дөң ауылында 10 жастағы қыз көлікте тірідей өртеніп кетті, деп хабарлайды sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

"Мой город" порталының хабарлауынша, аулада ВАЗ көлігі өздігінен өртенді. Қайғылы оқиға көрші үйдегі бейнебақылау камераларына түсіп қалған.

"Көліктің салонында 10 жастағы қыз болған, ол қаза тапты. Оқиға кезінде ата-анасы үйде болған. Өрттің себептері анықталып жатыр", - деп хабарлады полиция.

Баланың өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды.

Автор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 1
😡 Сұмдық 1
😢 Қайғылы 2
😮 Жарайсың 0